Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  248


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Тазалықтың жүрегiне

Тазалықтың жүрегiне
Қанжар сұқтың сен кеше.
Жетiп тындың тiлегiңе –
Тойла, шаттан, ендеше.
Жоқ, өйтпейсiң, өңкiлдейсiң –
Қайғы шеккен жандай боп.
Жорта көзге елпiлдейсiң,
Өп-өтiрiк зарлай кеп.
Ойлайсың-ау: осыменен
Жасырам деп күнəңды.
Қолыңды тарт, былғама сен,
Қасиеттi Құранды.
Жақсы кетiп, жауыз қалса –
Кеңiте ме жерiн ол?
Жылы қанмен ауызданса,
Жыртқыш неден жерiнер.
Сұрқиялар бағы таймай –
Аз жоқтамас ерiн ел.
Ақ жүректер əлi талай
Егiлер де еңiрер...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу