Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  116


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ҚАРҒАЛАР ƏНI

Қасқырдың əнге қосып қойсыз күнiн,
Түлкiге иман бiттi дейсiз бүгiн.
Бейшара, қарқылдаған қара қарға
Түбiңе жетпесе игi ойсыздығың.
Алдаған арғы атаңды алаяқ бұл,
Шайтан боп кеткенi ме құдай атқыр.
Заманнан жеп дəнiккен арсыз ауыз,
Пиғылы түзелдi екен қалай-ақ бiр.
Түлкiнiң бетi жылмаң, арты бұлғаң,
Əйтсе де, құтқармайды шыңдап қуған.
Қарашы, ендi бəрi керiсiнше:
Монтиып жатыр ерiң, көзiн жұмған..
Қарға атаң опық жеген, алданып шын,
Өткеннiң өкiнiшiн қалғаны ұқсын.
Миыңа сабақ қонса өстер ме едiң,
Сен тiптi жады болып, арбалыпсың.
Ол ендi сенi мақтап болмайды əуре,
Өзiң айт марапат сөз ондай дəуге.
Бұлбұлға теңеу қайда дауысыңды,
Өнерiң тасып тұрса, торғайға «əу!» де.
Зымиян, бар сырыңа қанық бұл сұм,
Ашқарақ, кiмдi жарылқап қарық қылсын.
Апандай ашып қойған аузына əкеп,
Туралап, iрiмшiктi салып тұрсың.
Өйткенi, ол қалаулың сайлап алған!
Қарқылдай бер, пайда жоқ сайрағаннан.
Аузына iрiмшiк сап тұрсаң болды,
Бəрiбiр, тасысаң да қай қазаннан.
Таси бер iрiмшiктi жаның салып,
Түлкiнiң iшi майдан жарылса құп.
Ақы-пұл дəметпе тек еңбегiңе,
Бұл саған – əрi парыз, əрi салық.
Əй, қарға, күнi бойы тынбай ұшып,
Түлкiге жем тасисың, өкпең iсiп.
Ол жатыр көлеңкеде: былқ-былқ, сылқ-сылқ..
Қарны тоқ, уайым жоқ, iшi пысып.
Жасайсың ұшқан құстың жоралғысын,
Белгiлi: барар жерiң, қонар тұсың.
Түлкiнi мақтай-мақтай аузың кептi,
Осынша түйсiксiз, ез болармысың.
Бiлер ең бiр парықты – тауға қонсаң,
Ақ қарға қызыл шоқтай аунап алсаң.
Түлкiге өкпелейтiн не жының бар,
Сен өзiң ақымақтау қарға болсаң..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу