file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  142


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ҚАЛА МЕН АНА

Дем алысы ауырлап,
Анаң жатыр төсекте.
Қанаты жер бауырлап,
Қалаң да тұр өсекте.
Соғады, əне, бүлкiлдеп,
Алып қала жүрегi.
Сол жүректi құлқын кеп
торып кетiп жүредi.
Құлай кетiп көлденең,
Жылайсың сен ендi өксiп.
Қан қысымы өрлеген
Қалаң жатыр дөңбекшiп.
Зəре-құтың қалмаған,
Телефонға жетiп ең:
“Жедел жəрдем!.. Жан анам...
Тез жетiңiз, өтiнем!”
Қалаң– сенiң анаң ғой,
Жағдайыңды түсiнем.
Меңдегенде адамды ой,
Шошиды, рас, түсiнен.
Ысып тұр ғой денеңiз,
Түсiң қашып, қабара. – Бiз қаланы беремiз
Қандай ауруханаға?!.
Баласының көп сырын
Көре алмайсың шешеден.
Бүгiнгiнiң қоқсығын
Көме алмайсың кешемен.
Кешегi iшкен уыңның
Заһары өттi... Не дерсiң!
Өкiнiшiн бүгiннiң
Ертең кiмнен көрерсiң?.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу