file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  196


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Мен ертең жоқ боламын, тоқта, жаным!

Мен ертең жоқ боламын, тоқта, жаным!
Ақ тозаң оранады от қаламым.
Ал бүгiн тап-тазамын, сол қаламмен
Соңғы рет жарық Күнге хат жазамын.
Мен ертең жоқ боламын, тоқта, жаным.
Демiңнен ұрсын ыстық бетке жалын.
Қара тас-жүрегiмдi ақырғы рет
Шоршытып қозғап өтсiн шоқ назарың.
Мен ертең жоқ боламын, бүгiн бармын.
Бар болсам, ойларымның бүрiн жардым.
Сеземiн: бар мен жоқтың шекарасы –
Көк бүршiк зəрлi үсiкке ұрынған күн.
Бар болсам – күн кешермiн кемiстiкте,
Маған да сол жетедi, келiстiк пе.
Мен бармын. Жалғыз тамшы сəуле болып,
Күнi ертең сiңiп кетем кеңiстiкке.
Мен ертең жоқ боламын, тоқта, жаным..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу