file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  135


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Ақ қағаздай жаным бар....

Ақ қағаздай жаным бар,
Сенiң сияң қап-қара.
Қара сияң бетiме
Шаштың-ау кеп ақтара.
Ақ бəтестей арым бар,
Сенiң күйең жабысқақ.
Қара күйең етiме
Жаптың-ау сен тағы ыстап.
Қара күйе қолыңда,
Жұқпай қалмас – жанассам.
Тағдырдың тар жолында
Құтылмаспын мен қашсам.
Сүттей аппақ көңiл бар,
Сенiң ойың қараңғы.
Сол түнектiң шетiнен
Көрiп қалдым қабанды.
Мен қарусыз бiр жанмын,
Қабан содан ұялса-ау!..
Ем жоқ жүрек дертiне,
Болғанымен қиял сау.
Түтiндеген жалын бар,
Майша жұғар мақтаға.
Қара жалын өтiнде
Қақталып тұр ақ қала.
Əдiлетсiз бұл неткен
Өмiр едi, масқара!
Iшi аппақтың сыртын көр:
Тағдыры бар қап-қара!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу