file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  176


Автор: Ғұсман Жандыбаев

БIРЕУГЕ

Мұқатпақ боласың-ау сен өзiңше,
Салсам деп бетке шiркеу ел көзiнше.
Жетiсiп тұрғандай-ақ өз əуселең,
Кiсiге күлесiң сен не жөнiңше.
Тойған торай секiлдi торсиясың,
Қаңсыған итаяқтай өзегiң ше?
Өтiрiк тiсiң шұқып кекiргеннен
Не пайда – түсiңе тек көже кiрсе...
Қоңырсып iшi-бауырың жанып жатыр –
Сиырдың шала кепкен тезегiнше.
Көрiнген боқташыққа тұмсық тығып,
Жүргенiң иiскелеп мегежiнше.
Əркiмнiң мiнiн терiп, көзбен тiнтiп,
Аңдисың көк базардың кезебiнше.
Тарпаңсып, тасыраңдап, кеуделейсiң,
Бiр сайдың саяз, шолақ өзенiнше.
Кездессең əлдеқалай бiр дөкейге,
Безесiң боз қоянның көжегiнше.
...Япыр-ау, қайтер едi, кейбiреулер
Өзiнiң шама-шарқын сезе бiлсе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу