file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  183


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Жарқыным, дауысың зор, тiлiң майда...

Жарқыным, дауысың зор, тiлiң майда,
Белгiлi: iшке кiрген жылынбай ма..
Жарлы мен жақыбайды жарылқаған
Боласың, келiп тұр ғой түрiң байға?..
Тектен-тек қызға жiгiт жымыңдай ма..
Ендеше, түпкi ойыңды айт: мұның жай ма?
Көргенбiз көлгiрлiктiң неше атасын,
Жасырған, iш сезедi, жымың қайда.
Айтса да, қысыр бие құлындай ма..
Жұқсыз сөз болмасы хақ жұғын бойға.
Сен, бiрақ, шалабыңды шайқай берсең,
Бiлесiң бiр толарын күбiң майға.
Қашаннан қанық едiң бiздiң жайға,
Бiздiң жай қайдан келсiн сiздiң де ойға.
Сауабын өтiрiктiң алғаныңмен,
Табасы ақиқаттың шыжғырмай ма.
Дəнiккен қу түлкi ме ең сiз мұңдайға,
Ол шiркiн қоян аңдып, iз қумай ма.
Сен мұнда неғып жүрсiң арам тер боп,
Бiлемiз: қыран қайда, құзғын қайда..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу