file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  129


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Əдiл ханның жарлығы –

Əдiл ханның жарлығы –
Жауыз емес демеңiз.
Қап тауындай қаулыны –
Қауыз емес демеңiз.
Дастарқанның мəзiрi –
Қазы-қарта, жал-жая.
Аш қарынның азығы –
Картоп емес, идея!
Желiм болса жегенiң –
Жемiстi аңсап мұңайма.
Шын витамин дегенiң –
Шырында емес, ұлы ойда!
Арық қойдың арманы –
Уəденiң мол шөбi.
Ақиқаттың сорғаны –
Өтiрiктiң емшегi.
Бiз сенемiз ал бұған,
Нағыз жайсаң жандарша.
Қап тауындай қаулыдан
Тарыдай дақ қалғанша.
Менiң қаулым – кəрi қыз:
Толықсиды оң жақта.
Соны мақтап бəрiмiз
Ұзатпақпыз аулаққа..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу