file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  111


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Қыл мойныңа дар тосты..

Қыл мойныңа дар тосты..
Ендi шылым шекпейсiң.
Мақтап келiп Дантестi,
“Пушкин өлген жоқ!” дейсiң.
Пушкин егер өлмесе,
Дантестi кiм жерлептi?
Ол да тiрi ендеше,
Шулатып жүр жер-көктi.
Жаны харам жендеттi
Құдай алар деймiсiң.
Сол Дантеске ұқсаса,
Ұлықсиды кей кiсiң.
Жəмшiк неге ысқырды?
Арқаға аяз батады.
Дантес ендi Пушкиндi
Ту сыртынан атады.
Пушкин тiрi... тоқиды ел
Ақын сырын ойында.
Өлмес жырын оқиды ол
Дантестердiң тойында.
Ал Дантес қартайған.
Шие бөрi – шөбере.
Жырдың көзiн алты ойған
Не дерсiң мық шегеге.
Пушкиндi егер атпаса,
Сол Дантестiң аты – өлiк.
Өсiп-өнген көк маса –
Тарихтағы қателiк.
Дантестердiң ұрпағы
Емес ендi күйе бет.
Сайқал əйел – жыр тағы,
əркiм қожа, ие көп.
Екi басқа – ой мен тiл,
Бiр деп əсте санама.
Су түбiнде бейнең тұр:
“Аяқтан – бас садаға...”
Жiгiттiң сол сұлтаны–
Құдiрет пен күш кiмде.
Ал Дантестер ұрпағы
Елiктейдi Пушкинге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу