file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  156


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Есiңде бар ма, Жұмахан...

Есiңде бар ма, Жұмахан,
Сонау бiр балғын бала күн?
Бұлықсып атқан бұла таң
Оятып бiздi алатын.
Бəрi арман соның – бұл күнi,
Толқымай қиын айтуға.
Шатқалда жатқан жылқыны
Ауылға айдап қайту да..
Шатқалдың iшi – қау шалғын,
Қалың шық жапқан. Тағы арман!
Сол шыққа аунап сан-сан мың,
Пейiлiм сүттей ағарған.
Кiрлетпей жуып шыт-жанды,
Шипасын кейiн сан ұқтым.
Таңғы бiр таза шықтарды
Көңiлiме құйып алыпын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу