Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
117

Қыр мынау – ұзатылар қыздай болып...
Қыр мынау – ұзатылар қыздай болып,
Жүрегi дүрс-дүрс соғып, ойға кеткен.
Дүрлiгiп, елегiзiп, қызды-ай келiп,
Тiршiлiк табиғаттан той дəметкен.
Қызынған тойлы ауылдың баласындай,
Қиқулап құстар ұшты топ-тобымен.
Қиылған мейiрiмдi анасындай,
Күн қырды аймалайды от демiмен.
Мезгiлдiң əр мезетi, қас қағымы
Төсiне қалыңдықтың мың гүл қадап,
Тағуда шашқа шолпы, басқа үкi,
Жабуда иығына бұлғын, манат.
Құлпырып, шырайланып шыға келдi –
Лап етiп жанған оттай дүрiлдеп қыр.
Дүние жанарында тұрады ендi
Шаттықтың тамшылары дiрiлдеп бiр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇