file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  173


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ҮЙРЕКТЕРIМ

Көлбей ұшқан көк ала үйректерiм,
Толқындарын көлiмнiң билет менiң.
Бүршiк жауған кеңiстiк-көңiлiмнiң
Толтырыңдар күмбездi имек төрiн.
Армысыңдар, аяулы үйректерiм,
Қатарыңды жая түс, сиретпегiн.
Кеудемдегi теңiздi жанап өтсең,
Саз толады жаныма күйрек менiң.
Саз толады жаныма, жаз қонады,
Күркiреп бiр теңiзiм қозғалады.
Желiндерi жер сызған мама бұлттар
Терлетедi бой-бой ғып боз даланы.
Көзден ұшқан көк ала үйректерiм,
Көлдерiмнiң толқынын билет менiң.
Түкiрiгiн жұтынған жұқсыз дүние
Есiне алсын күмбiрлi күй-көктемiн.
Ақ нөсерiн ала бұлт жетсiн жиып,
Қанатыңның астынан өтсiн құйып.
Көңiлiмнiң шөлiркеп, сусыл қаққан
Жапырақтарын тазартып, кетсiн сүйiп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу