Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
161

КӨЛ МIНЕЗI
Көлге келсең – желде кел,
Желдi көрсең – көлде көр:
Алапат дауыл бұл бiр сəт
Қым-қуыт майдан, қырғын сап,
Қамыс-қоға дүре жеп,
Шу-шұрқан боп жылайды.
Жекпе-жекте беттескен,
Батырлардай оқ кешкен,
Тоқсан толқын түрегеп,
Тоқсан толқын құлайды.
Жарылғандай мың мина,
Жардың үстi дүрсiлдеп,
Сан зеңбiрек ылдида
Жатқандай
-ақ гүрсiлеп.
Дауылды көл бұзық та,
Дауылды көл қызық та:
Тырнағына iлiксең–
Жолбарыстай бүлiкшең,
Ұрты қанды бiр апат.
Көз тастасаң жағадан–
Байлаулы иттей қабаған,
Қорқынышсыз рақат...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter