file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  204


Автор: Ғұсман Жандыбаев

АЙ АСТЫНДА АҚ КӨЙЛЕК

Жалп етiп оты өштi де шағын үйдiң,
Қозданып шоғы қалды сары қидың.
Көмiлген қоламтаға қызыл шоқтай –
Қыз жатыр көрпе астында “салып ұйқы”.
Жатқан қыз төсегiнде iргедегi
Белгiлi кiрпiгiн де iлмегенi –
Құлағын əлдеқайда түрген едi,
Бiлiндi көп күттiрмей бiр дерегi.
Бұлықсып бұла дүние сəндесiн бой,
Бақыт жоқ – махаббаттың əуресiндей.
Жас ару бара жатты жалт-жұлт етiп,
Жарты Айдың сайға түскен сəулесiндей.
Ақ көйлек Ай астында дөңгеленiп,
Булыққан қос анары кеуде керiп,
Лақтырып жiбердi оны тар құшаққа,
Табиғат тұңғыш рет берген ерiк.
Жат дүние жақынындай күлiмсiреп,
Денесiн шарпып өттi бiр ыстық от.
Сəбидiң көңiлiндей пəк қылықпен
Күнəсiз сүйiстi олар бiрiншi рет.
Жұмбақ күш өрт сезiмдi елiктiрдi,
От лебiз қос жүректi демiктiрдi.
Махаббат тақсiретiне куəгер Ай
Осы түн... бiр бақытын көрiп тұрды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу