file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  210


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Сен бұйығы көлдiң аққуы едiң....

Сен бұйығы көлдiң аққуы едiң,
Мен бұғылы таудың бала қыраны ем.
Жалпақ созылып жатты көгiм,
Сенiм арттым қанатыма мен.
Мен жалт етiп аспаныма
Атыла берген шағым болатын.
Бұғылы таудың тастарына
Алтындай сырғып сағым қонатын.
Сен тұнық көлдiң айдынында
Таранып, əсем қанат қаққанда,
Ақ сапарға шығып, Ай нұрында,
Қарсы ұшқанмын, қарап ақ таңға.
Арбап сиқырлы алтын рең,
Есiмнен тана, тала сұқтандым.
Жалқын таңның жалқы нұры ең,
Жанып кеттiң бе? Адасып қалдым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу