file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  148


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Мынау жанар неге мұнша бұйығы?

Мынау жанар неге мұнша бұйығы?
Неткен тылсым тұма-көздiң ұйығы.
Бұлт бүркеген Күндей күңгiрт тартады
Түсе қалса бөгде көздiң қиығы.
Мынау жанар неге мұнша бұйығы?
Шалды ма əлде бiр сайқалдың құйыны.
Бəз баяғы қалпыңа көш, таусылма,
Пəк сезiмнiң болмайды ұшы-қиыры.
Қалқам, неге iштен тынып жылайсың?
Басқа – саған, сен басқаға ұнайсың.
Сенi аңсаған бiр жүрек бар, күмəнсiз,
Түбiнде бiр кең құшаққа құлайсың.
Жүрек шiркiн өктемдiкке көнер ме,
Сезiм – бiр сел, серпiп соғар кемерге.
Емес күнə – жүз бiр рет сүю де,
Махаббаттың жүз таяғын жегенге...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу