file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  142


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Бiз екеумiз аңғал жүрдiк, ақ күлдiк...

Бiз екеумiз аңғал жүрдiк, ақ күлдiк,
Тана мiндiк, тайға шалма лақтырдық,
Балғын сезiм қанатын тез қақтырдық.
Бiз екеумiз өзен кештiк, гүл тердiк,
Жаңбыр жауса, жалғыз жейде бүркендiк,
Су түбiнде – суретiмiз, бiр төндiк.
Бiрiмiзге бiрiмiз кеп тиiстiк,
Тиiстiк те, бұртиып кеп сүйiстiк,
Балалықтың бақшасында сыйыстық.
Түске кiрiп, елiктiрген үлкендiк...
Бiздер солай он сегiзге бiр келдiк,
Сен бойжеткен, мен жiгiт боп тiркелдiк.
Сол күндер жоқ... Кеткендеймiз жат болып –
Алдымыздан уақыт желi тап берiп,
Бiздiң ессiз еркiндiктi қақ бөлiп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу