Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
115
Ымырт
Құйрық-жалы – кешкi нұр, жалбырап бiр,
Алысқа ұзап барады арғымақ-қыр.
Ирек мойын, қомшалы қара атандай,
Маңқ етпестен, маңғаз тау қалғып-ақ тұр.
Ақша жүзi аспанның жалқынданып,
Көкжиекте бiр шоқ бұлт балқып-жанып,
Аттан түскен Ата күн көз жалғап тұр,
Маужыраған дүниенiң қалпын бағып.
Алагеуiм ымырт шақ, апақ-сапақ,
Аспан тəжi шашып тұр алтын шапақ.
Iркес-тiркес қырқалар шөгiп жатыр,
Керуендей, тастаған матап-матап.
Ай жалт еттi, қып-қиғаш қасын бұрып,
Иығына таулардың асылды бұлт.
Ұйқысынан ертерек оянғандай,
Аз-кем жұлдыз көздерiн ашып-жұмып.
Салқын ауа. Сабат жел. Серпiлiп бiр,
Түймелерiн ағытты, желпiнiп қыр.
Өмiр жүгiн тиеген пойыз-дала
Екi иықтан дем алып, ентiгiп тұр..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter