file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  179


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Адам

Ғажабы мол мынау шексiз ғаламда,
Жетiспейтiн бiр нəрсе бар əманда:
Тiршiлiкте бəрi өлшеулi болғанмен,
Кең дүние тарлық етпес адамға.
Айналаға қараңызшы дұрыстап:
Адам бiткен бiр ауамен тыныстап,
Жер үстiнде бiрiн-бiрi көтерiп,
Құлатпастан бiрiн-бiрi тұр ұстап.
Табиғаттың тас көңiлiн ерiтiп,
Тiршiлiктi тағылықтан жерiтiп,
Келген адам мынау жарық дүниеге,
Жер-ананың тар құрсағын кеңiтiп.
Жалғыз болсаң осы жердiң бетiнде,
Кең көрiнер одан зындан, не түрме.
Қалт-құлт етiп, керең дауыл өтiнде,
Қалар едiң терең құздың шетiнде.
Көгермесе қыз өсiрiп, ұл сүйiп,
Жер құрсағы құрғамай ма қушиып.
Ақиқаты, алып жерге адамдар
Аздығы емес, көптiгiмен тұр сыйып.
Жұмбағы мол, мынау шексiз ғаламға
Сыймай қалсаң, кiнəлi өзiң оған да.
Ұрпағымен жасаратын Жер-ана,
Тарлық етпес пейiлi кең адамға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу