Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
131
Бақыт туралы
Баяғы бiр балаң шақтан, бал шақтан
Бағындырған, табындырған, аңсатқан,
Шабындырған, сабылдырған, шаршатқан –
Бақыт дейтiн баянсыздау жазғанды
Iздеп едiм байлық пенен мансаптан.
Бақыт деген – байлық болса, құр қалдым,
Айлық қанша – шайлық сонша, бiр қалпым.
Мансап қане?– Болмады еру бiр-жар күн.
Мақсат-дəме əдiре қап, əнеки,
Күл боп жатыр күресiнiнде жылдардың.
Толқын едiм, шегiн бұзып шебiмнiң,
Маңдайымды жарға соғып, шегiндiм.
Бұл күресте күйреп тұрып жеңiлдiм.
Байлық, мансап – бақыт болса егерде,
Сол бақыттан ада-күде жерiндiм.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter