file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  247


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ЖАҚСЫЛЫҚ

Еңбегiң жанғанда шаттансаң несi мiн,
Уайыммен ортайсам, шаттықпен толамын.
Қиын бiр есептiң тапсам мен шешуiн –
Үлкен бiр жаңалық ашқандай боламын.
Iзгi бiр iсiңе қуансаң несi мiн,
Шаттықпен қуамын қайғының боранын.
Егер бiр сəбидiң қойсам мен есiмiн –
Бiр ұлы жақсылық ашқандай боламын.
Болмашы ренiш оқыстан мұңайтып,
Жүдеп бiр жүргенде көңiлiң құлазып,
Жетсе екен, кетсе екен жаныңды тыңайтып,
Бiр түйiр жақсылық – теңдессiз ұлы азық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу