Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
192

ҚАДIР
Ащы дəмiн аштықтың татпағандар
Iшер асын итiнен аямас-ты.
Жамбасына жалғыз қыл батпағандар
Тышқанша өлер қор болып аяқ асты.
Ренжiтсек те кей досты оқыс жерде,
Жамандыққа жолдасты қия алмадық.
Тiрiсiнде ат кекiлiн кесiскенге –
Өлгенiнде көз жасын тыя алмадық.
Бұл өмiрден өтедi кiм өкiнбей,
Бардың құнын – жоғында бiлуi шын.
...Көбiне адам төменде жүретiндей,
Биiктiктiң қадiрiн ұғу үшiн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇