file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  1740


Автор: Ғұсман Жандыбаев

МЕНIҢ ƏЖЕМ

Қараша үй жыртығынан қадап тiлiн,
Тұрғанда мазасыз жел отпен ойнап,
Шағындау шаңырақтан тарап бiр үн,
Кетiптi кең далада көкке бойлап.
Тар үйдiң керегесiн үнi керiп,
Көбейтiп кемпiр-шалдың аз ермегiн,
Есiгiн жүрегiмен ұрып енiп,
Келiптi өмiр-үйге əжем менiң.
Алысқа сəби ойды серметтiк-ау,
Асыға күтуменен жаз ермегiн.
Желбiреп қос тұлымың сен де өттiң-ау,
О, əзiз əжем менiң!
Оңаша кесте тiгiп қыз отырса,
Шытқа орап махаббаттың наз өрнегiн,
Мөлдiр көз он үшiнде ұзатылса,
Келедi көз алдыма əжем менiң.
Тұңғышын жас келiншек көп толғатып,
Көтерiп отырыпты-ау əрең белiн.
Балалық! Қолдан шығып кеттi ол бақыт –
Ең алғаш ана атанды əжем менiң.
...Шүйкедей қара кемпiр əжiм жүздi,
Бетiне салған уақыт əр өрнегiн.
Еңсерiп қалған тiптi қазiр жүздi,
Бала қыз бiр кездегi – əжем менiң.
Жас дəурен – кəрiге де, балаға арман,
Қызығы өте шығар келте жаздай.
Үй емес, бiр ауылға ана болған –
Əжемiз ендi бiзге ерке қыздай.
О, менiң əзiз əжем қасиеттi,
Сонау бiр есiңде ме тұлымды қыз?
Соқпақ жол... Содан берi ғасыр өттi,
Қайда екен мөлдiр көз бен бұрынғы жүз?
О, тағдыр, қатал едi уақыт неткен,
Ақ шаш боп самайыңда қалыпты-ау мұң.
Денесi қарт əжемнiң қатып-кепкен –
Орнындай шөгiп қалған алып таудың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу