file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  175


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ТАЛАНТ

Достарым, мен ежелден бiр беттiмiн,
Көрген жоқ күлiк ойды күндеп тiлiм.
Алдында шын таланттың бас иемiн,
Мен оған мiндеттiмiн.
Достарым, мен ежелден бiр беткеймiн,
Тұлпарды тасбақаға күндетпеймiн.
Кiм дарқан дарынымен озса дара,
Мен соны құрметтеймiн.
Арымды iштарлыққа билетпеймiн,
Дарынды күстаналап, күйретпеймiн.
Қалқаны қас таланттың боламын да,
Наданның найзасына түйретпеймiн.
Қара жер – таланттардың өз басы да,
Жұлдыздар – ыршып шыққан көз жасы ма?!
Сенемiн – табиғаттың заңы барда
Таланттар есiмiнiң тозбасына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу