file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  159


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Ұнатамын

Мен сендердiң көбiңдi ұнатамын,
Ару қыздар, керiлген таңдай көркем.
Бiр-ақ рет атады мына таңың,
Бүгiн туған жұлдыз да жанбайды ертең.
Жүрек сүймей жақсыны қалай шыдар,
Ал жақсыға кенде емес жарық дүние.
Əр жұлдыздан өзгеше арай шығар,
Сонда да сен төзесiң зəру күйге.
Сұлулық пен пəктiктi сүйе алмасаң,
Тiршiлiктiң құны не? – Қара бақыр.
Жүрегiне жақсының сыя алмасаң,
Кең дүние болады заман ақыр.
Ару қыздар, биiкте – бiздiң үмiт,
Күлiп қарсы ал, суытпа жылы өңiңдi.
Жүздерiңдi көргенде, жүз құбылып,
Жұлып бергiм келедi жүрегiмдi.
Сендерге айтар бар менiң бiр тiлегiм:
Назданыңдар, қылықты ерке қыздар.
Бүгiн Күндей шуақты күлкiлерiң,
Жүздерiңдi шалмасын ертең ызғар.
Жүрегiне жiгiттiң құдайсыңдар,
Көздерiңде тылсым күш, талай сыр бар.
...Көбiң маған, о қыздар, ұнайсыңдар,
Ұнатуға, ал менi, қалайсыңдар?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу