Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
194
«Бетіңнен сүйдім» дедің телефонда...
«Бетіңнен сүйдім» дедің телефонда,
Өртеніп кетпеді екем неге сонда.
Бар салмақ жүрегіме түседі, əйтеу,
Алыстасам, қасыңа жоласам да.
Дір етті сол сөзіңнен дене, сезім.
Дірілдеп кетті қолым, телефоным.
Трубка мөңкіп барып түсті жерге,
«Бақытты болыңдар деп сол екеуің».
Тап болдым құдіретке сонан ғажап,
Күрсіндім тереземнен төмен қарап.
Дірілдетіп жапырақ жүректерін,
Табиғатты тұр екен жел аймалап.
Телефонда сүйіп ең бетімді уыз,
Керемет бір күйге енді кекілді қыз.
Бұл жалғанда табиғат екеуіміз,
Сүйдіруге жаралған секілдіміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter