Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2022
110
Сен кеткен соң
Жығылған жерден тұруды үйрендім,
Қадірін ердің білуді үйрендім.
Жүгімді айбаттап жиюды үйрендім,
Шын жылап, шын күлуді үйрендім.
Құлазуға да шыдауды үйрендім,
Дұшпаныма да ұнауды үйрендім.
Анамнан ақыл сұрауды үйрендім.
Мен де өзгені сынауды үйрендім.
Жігітке оп-оңай сенбеуді үйрендім,
Күбір-сыбырға ермеуді үйрендім.
Намысты қолдан бермеуді үйрендім,
Еңбек істеп терлеуді үйрендім.
Берген уəдеден танбауды үйрендім.
Құрбыларымнан қалмауды үйрендім.
Көңілін достың аулауды үйренді,
Өзімді өнерге арнауды үйрендім.
Сүрінген жанды сүйеуді үйрендім.
Өзгеге бақыт тілеуді үйрендім.
Үйрене алмадым сені ұмытуды,
Үйрене алмағаным, міне, бұл менің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter