Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  125


Автор: Гүлайша Ерахмет

Бəрі де рас

«Сүйемін» дейтін сөздерің рас,
Іздейтін мені көздерің рас.
Іренжітсем де бір сылтау тауып,
Телефон соға бергенің де рас.


Жолымды ұзақ күткенің рас,
Мен жайлы көрген түстерің рас.
Ширығып тістеп шылымыңды да,
Ашумен арақ ішкенің рас.
Қормал боп созған қолдарың рас,
Мен үшін кешкен ойларың рас.
Шілденің шыдап ыстығына да,
Қыстарда тосып тоңғаның рас.
Əрдайым айтар тілегің рас,
Бір мен деп соққан жүрегің рас.
Жалғандығы мол жалған да мынау,
Сүйе алсаң екен бір өмір рас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу