Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2022
264
От кеудеме үңілем
Мені тағы ұйықтатпады қинай мұңым,
Дос боп отыр жалғыздыққа қимай түнім.
Мына әлем қаншалықты кең болғанмен,
От жүрегім соншалықты сыймайтының...
Сезімімді бұлтқа орап күнді құштым,
Соққысында құлап барам мұңлы күштің.
От кеудемнің мұң құйынған сәулелері,
Аспаныңда жанып тұрған түнгі ұшқын.
Жарығымды сыйдыра алмай мұң көшіне,
Азғырады қара жүрек түн шешіне.
Егер Күннің нұры сөнсе бұлттан қорқып,
Жүрегімді жұлып берем Күн төсіне.
Қайтсем екен, бөрі мұңды, қап, ұлыған!
Шерім жауды қара аспанның жатырынан,
Бөтен кеуде, бөтен оттан қорықпаймын,
Бәлкім, ажал өз кеудемнің лапылынан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter