Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  141


Автор: Ақылбек Манабаев

КӨЛДЕГІ СУРЕТ

Көктің отты көздері,
Кірпіктерін ашқанда,
Көл беті сол кездегі
Ұқсай қалды аспанға.
Жағадағы тал-қайың,
Самал шерткен сырға елтіп.
Көлдің жылтыр маңдайын,
Бұрымымен тұр желпіп.
Ақ айдында жел өпкен,
Айдың нұры жалтылдап.
Шыға келді кенеттен,
Жалғыз қайық қалтылдап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу