file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  385


Автор: Ақылбек Манабаев

ҒАШЫҚПЫН САҒАН, ТАБИҒАТ

Иірген алтын жіпті дәу ұршығын,
Нөсерге төсеп жасыл сауырсынын.
Шың- батыр қасқаяды маңдайына,
Қадап ап құстың аппақ қауырсынын.
Достар – ау, сұлулықты жай ұғып па ек,
Мінеки, қоңыр бұлттан айығып көк.
Еркелеп сұлай кетті жер төсіне,
Күн – қыздың күміс шашы жайылып кеп.
Сыр бүккіш құбылысын атыраптың,
Желпінген сезіміме бақылаттым.
Жалт етіп жалғыз тамшы аунап түсті,
Қиығынан тостаған көз жапырақтың.
Жалтылдап жуынғандай нұрға шықтар,
Тұр, әне, бір-бірімен ымдасып тал.
Ол менмін ғой табиғат, ол менмін ғой,
Десең егер өзіме бір ғашық бар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу