Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
137

БІРЖАН ДЕГЕН БАЛАҒА
Біржан – дала бұлбұлы,
Біржан – әннің дүлдүлі.
Сол есімге сай болу –
Саған мақсат,
Біл мұны.
Жаны жайсаң шапақты
Сол Біржандай атақты
Азамат боп шықса деп,
Сені осылай атапты.
Қалықтаған қырда ән
Халқымыздың Біржаны
Тұрған шығар сен болып
Қайтадан бір туғалы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter