Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
120
АҚШАУЛЫМ
Төгілген өрік, алма – бақша-бауың,
Төсіңді мекендеген қалың қауым.
Киелі ағашыңа ат байлаған
Жорықтан қайтқан ерлер жеңіп жауын.
Мөлдір су – қайнарың,
Жап-жасыл аймағың.
Армысың, Ақшаулым
Ата – тау – айбарым.
Жаз жайлау жазиралы салқын саяң,
Тарихы әр тасыңның көпке аян.
Кінәсіз ғашықтықтың қос боздағы,
Қосылған қойнауыңда Қозы-Баян.
Ақтарған дарқандықтың дастандарын,
Даңқтың тұғырындай асқарларың.
Дәстүрін әкелердің жалғастырып,
Келеді бүгінгі ұрпақ – жастар жалын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter