Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  306


Автор: Ақылбек Манабаев

ОТАНЫМА

Самалыңмен тыныстап,
Орманыңнын ой алдым.
Көкірегіме күн ұстап,
Таңың болып ояндым,
Айналайын, Отаным.
Атай берем атыңды,
Қайта-қайта сүйініп,
Паш етіп махаббатымды
Жүрегім тұр жиі ұрып.
Айналайын, Отаным.
Өзен, дала, тауға бай,
Кереметсің, байтақсың.
Кеудеңе бір аунамай,
Жаным қалай жай тапсын,
Айналайын, Отаным.
Қырыңда дән тасыған,
Өрісің толы жатыр мал,
Көркің – сазды асыл ән,
Жыр арнаған ақындар,
Айналайын, Отаным.
Мен де күйге қоса алам
Мәртебесін халқымның,
Берік болсын босағаң,
Аман болсын алтын күн.
Айналайын, Отаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу