Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
128
Жұдырықтай жүрегімнен
Жұдырықтай жүрегімнен
Жұмыр жерді құшқым келіп,
Көл-көсір боп жүремін мен
Көкірегіме ұшқын қонып.
Білем, саған бересім көп,
Қайырымды, қайран адам...
«Түк бітірмей келесің», - деп
Кейде өзімді қайрап алам.
Ойлы ортаға өрт болып кіріп,
Жалын атпай туа ма өлең?!
Қиял – атты ерттеп мініп,
Арман – киік,
Қуа берм.
Шаң жұқтырмай әрқашанда
Азаматтық жақсы атыма,
Ұзақ жолда шаршасам да,
Жетем,
Анық,
Мақсатыма!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter