file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  153


Автор: Ақылбек Манабаев

АУЫЛҒА ОРАЛҒАНДА

Саңлағын мініп ұшқыр сағыныштың,
Ауылым аңсап сені тағы да ұштым.
Өзіңе мәңгі ынтызар бұл жанымда
Маздайды қуаныштан жанып ұшқын.
Мен жүрер нелер ұзақ жол бар әлі,
Зырлайды машинаның доңғалағы.
Шақырып асқарына арманымды,
Алыста тау иығын қомданады.
Жеттім-ау, жарқын өскен ортадамын,
Ақ әжем алып шықты мол тамағын.
"Үйге кір, қонақ бол" - деп кейбіреулер,
Айтып та үлгерді, әне, қолқаларын.
Мен қалай ірке алайын сезімді шат,
Қараймын жан-жағыма көзімді сап.
Балалар бір-біріне сыбырлап жүр,
Баяғы еліктегіш өзім құсап.
Қаншама сезінсең де есейгендей,
Бас салып еңкейтеді шешейлер кеп.
Мұндайда шама қайсы, екі бетті
Мейрімді еріндерге төсей бермей




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу