Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
177

ТЫНЫШТЫҚТА
Ай астында сүттей ұйып көл жатыр,
Орман,о рман тіл қатпастан ол да тұр.
Дала төсін біраз тінтіп жүрді де,
Зерікті ме, тына қалды жел де ақыр.
Алтын кірпік жұлдыздарын бүркеніп,
Зеңгір аспан тас төбеден тұр төніп.
Ойға шомып балбырайды түнгі әлем,
Тәтті ұйқының құшағына жұрт еніп.
Ынтық сезім жүректерге от басып,
Құшақтасып келе жатыр қос ғашық.
Тыныштықты бұзбайық деп осынау,
Үнсіз ғана сүйіседі тоқтасып...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter