Өлеңдер ✍️

  15.09.2022
  160


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Балалық сезім

Адам болмас теңі жоқ,
Сен секілді теңі кетсе — емі жоқ.
«Достығымыз мәңгілікке» деп едің,
Сол достығым махаббат қой шегі жоқ.
Қатты жаны түссе де нұр, тасқа Күн,
Сендік бөтен басқа шаттық, басқа мұң.
Мен жаныңнан табыламын әрдайым,
Сен жанынан табылсаң да басқаның.
Уақыт шіркін, бақытымды ұқтырды,
Жүрегімде көтере алмас жүк тұрды.
Досым сені сүйетінін айтатын,
Сол сезімін мына маған жұқтырды.
Қызарған шам, жаздың жайлы кешінде,
Маған ұзақ қарағаның есімде.
Жүрегімнің шертіп едің ішегін,
Әлі күнге күмбірлейді төсімде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу