Өлеңдер ✍️

  15.09.2022
  195


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Қар қызы...

Қара аспан жұлып-ап кеудесінен
Ақ жүректі, ақ отты төкті көктен.
Суық жүрек, суық көз ызғар келді,
Жанарыңда жылу бар өтті көктем.
Әлеміңе мен келдім суық сұлу,
Сені іздеп ғашығың жетті көптен.
От жүрекке жақындап суық жүрек,
Суық ерін қар қызы өпті беттен.
Біле алмадым өртімді кеудемдегі,
Кеудем нені қалайды, сезім нені?
Ызғарына жаһанның кетіп мәңгі,
Жылуымды қар қызы сезінбеді.
Мұз боп қатқан тас кеудең ерісін деп,
Отты жұлып берер ем өзімдегі.
Аппақ қар мен тас түнек, Ай ғана бар,
Әлемінде мен жоқпын көзіңдегі.
Жүрші, жаным, ақ қарым суық сүйген,
Қар оранған жүректің табам емін.
Жылытамын жүрекпен бар әлемді,
Бұдан артық қаласаң жанам дедім.
«Өз жарығын өзгеге сыйламаған,
Өз отына өртенген жаман» - дедің.
«Жылуы бар суықта жаурағаннан,
Ызғар басқан суықта қалам» - дедің.
Жаурап тұрып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу