Өлеңдер ✍️

  14.09.2022
  156


Автор: Зәһәрә Нұрәділқызы

Шәуілдір

Алдымыздан дәмге тартты ауыл бір,
Туған талай дауыл ақын, дауыл жыр.
Қалдаяқов, Шахановтар мекені,
Ауыл аты шаттық ескен шәуілдір.
О, Шәуілдір, даңқың қандай өр еді,
Өршіл ақын Мұхтар Шахан өрлелі.
Ұлы Шәмші Қалдаяқов қалаулы –
Композитор-вальстің королы.
Жасаған жан саз бен өлең, жыр үшін,
Айтқан жөн-ау кесіп-кесіп дұрысын.
Жаратыпты топырағың торқалы,
Өмірге өшпес ұлылардың ұлысын.


Отты өнердің биіктетіп тауын бір,
Мақтанышқа арқау болған Шәуілдір.
Бүкіл қазақ баласына әйгілі,
Өзің туған дауыл сазгер, дауыл жыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу