Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  112


Автор: Зайда Медеуханқызы

Бір арман бар

Жанымды кешкі самал өпкенінде,
Білмеймін рахаттанып кеткенім бе?
Көңілімді тербетеді ғажайып сыр,
Кеттім бе тәтті қиял жетегінде?
Жүрмін бе әлде көкте, әлде жерде,
Не деген қанағат жоқ бұл көңілде?
Сірә да, жүрек шөлім қана алмайды,
Өмірге арман үшін келгенім бе?
Жүрегім жана- жана өртенер ме?
Қиын ғой түсіндіру пенделерге.
Мәңгілік бір арман бар жете алмаған,
Аңсаймыз сол арманды сен де, мен де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу