Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  93


Автор: Зайда Медеуханқызы

Арманшыл жан азабы

Аршылмай жүр сезімнің қайнар бұлағы,
Жайқалмай жүр жанымның жасыл құрағы,
Мазасыз күндер еңсемді тіптен көтертпей,
Еркімді билеп, ойымды басып тұрады.
Қысылып демім жүрегім жиі қағады,
Зымырап уақыт зымырап алға ағады,
Омалған ойлар орынын таппай налыған,
Жанымды менің мазалап күнде барады.
Айтылмай жатып сезімнің жарқын наз әні,
Күйкі бір күндер ойымнан бұрын озады,
Қиялға шөгіп, қиянға самғар болса да,
Не деген қиын арманшыл жанның азабы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу