Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  580


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

АҚША

Осы халық неге құмар ақшаға,
Сыры терең, сиқыр бар ма ақша да?
Нысаптарын тежей алмай жүр бәрі,
Бірі мыңды, бірі миллион тапса да.
Өйткені ақша бар мұқтажын шешеді,
Қылыш кеспес қаттыны да, ақшаменен кеседі.
Тірлігінің кепілі ақша болған соң,
Тыным бермей күндіз түні көкейлерін теседі.
Жауларымен жарасуға жүргізеді араға,
Не қылсаң да, ағартып кел, деп жұмсайды қараға
Мәңгі тірі жүрем, мені, алма деп,
Тек ажалға, өткізе алмас параға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу