file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  290


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Бір қуаныш, бір қайғы

Жүрегіме жүдетпейтін жүк артқан,
Ырғақты үні басқашалау өзгеден.
Мұң мұжыған миым кейде мұнартсаң,
Мұжық болдың миқынатқа төзбеген.
Ойқой, дүние, әнге басып жатқан бай,
Қызыл-жасыл алдамшы үміт сайтандай.
Жердің беті ойдым-ойдым ақ таңдақ,
Булығады боран сөзін айта алмай.
Қара жерге кім бол деді домалақ,
Бұрыс болса қайсы ақылға симайды.
Бәрін...бәрін көрсетеді домалап,
Осы шағың мәңгі қолда тұрмайды.
Таудан аққан ақ бұлақ,
Мықты болса неге өзенге құймайды.
Қатыгез болса ұлы күн,
Неге нұрын еш бодаусыз силайды.
Тау серісі құзар шың,
Неге елге биіктігін бұлдайды.
Өмір заңы осылай ,
Бір қуаныш, бір қайғы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу