file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  117


Автор: Сағыныш Намазшамова

Томағасы сыпырылды қыранның...

Томағасы сыпырылды қыранның,
Мыңды жеңдім, Кирді жеңдім, Тұмармын.
А, Құдайлап, Абылайлап, тұтқиыл,
Бейқам жатқан жауға шапқан шығармын.
Бұқар, Дулат жырлары боп төгілдім,
Кеудесіне күш боп кірдім көп ұлдың.
Кер даламның гүлі болып егілдім,
Бір шыбықпын – тіршілікпін, өмірмін.
Ширығумен намысымды оқтадым,
Арда кеткен арысымды жоқтадым.
Баталы сөз қасиетіне бет сипап,
Аталы сөз айтылғанда тоқтадым.
Қабағымнан жүні жасып құзғынның,
Лаулап өтем әр сәтінде жүз күннің.
Тамырымда қамсыз жүрген қанымды,
Махамбеттің күйлерімен қыздырдым.
Ұран салсам, жыр-ән салсам Алаштап,
Теңдігіме кімдер енді таласпақ?!
Бізге бүгін әрбір атқан таң асқақ,
Бізге бүгін әрбір салған ән асқақ,
Бізге бүгін бірлік қана жараспақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу