file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  258


Автор: Рза Қунақова

ҚОС ЖҰЛДЫЗДЫ АНА

(Ұлбала Алтайбаеваға)
Дарқан далам дарқан жер –
Бабамның ырыс мекені.
Түрлі аңыз ғып айтады ел,
Жер-ана жайсаң екенін.
Жəннəт жерім жасыл бақ,
Ырыстың көзі қайнаған.
Өтсе де жылдар ғасырлап,
Жасарып қайта жайнаған.
Қойны толы қазына,
Жер-ананың сақтаған.
Жасаса уақыт базына,
Байлығын бұлдап сатпаған.
Жер-ана – сенсің тіршілік,
Сенсің өмір байлығы.
Кей-кейде ауыр күрсініп,
Көргенсің де қайғыны.
Жер-ана сенсіз өмір жоқ,
Тұрса да мəңгі Күн шығып.
Гүлдесең болды, көңіл тоқ,
Сенсіз өспес бір шыбық.
Жатасың кейде көсіле,
Түстерге жасыл боялып.
Еркелеп сенің төсіңде
Ұйқыдан тұрам оянып.
Жатасың кейде ескермей,
Ақ түтектерді бұрқаған.
Дауылыңа дес бермей,
Ұл-қызың əнін шырқаған.
Жатасың кейде масайрап,
Шаңқай түсті де елемей.
Сонда да жұмыс жасайды-ақ,
Далада ел, теңіз-телегей.
Бəрінен мықты Жер-ана,
Тудырған талай алыпты.
Ұлбаладай Ер-ана –
Құрметтісі халықтың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу