Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
102
Қорғасын бұлттар кенеттен
Қорғасын бұлттар кенеттен
Қалғыған шыңды қаптады.
Басталды жойқын жел өктем,
Бұзылды күннің аптабы.
Ақ шуда бұлт асылды,
Шырқау бір шыңның мойнына.
Аспаннан маржан шашылды,
Жан ана – Жердің қойнына.
Шыңдарын таудың қалқалап,
Кемпірқосақ көрінді.
Шоқыны сонда алқалап,
Белбеулер жібек керлді.
Көгілдір сағым сəн құрап,
Таулардан төмен тарады.
Жаңғырған аспан жарқырап,
Құлпырып дүние барады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter