Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
234
ГҮЛДЕР
Гүлдер нəзік, гүлдер əсем менің бала шағымдай,
Гүлдер қызық, гүлдер ғажап
менің жарқын жанымдай.
Аппақ гүлдер менің-дағы ақ көңілім сияқты,
Қызыл гүлдер инабатты, қызға ұқсайды ұятты.
Сары гүлдер белгісіндей сағыныштың аңсаған,
Гүл арқылы бұл өмірде танысты екен қанша адам.
Жасыл гүлдер жастық шағың
сағынсаң да келмейтін,
Ал көк гүлдер – өскен өмір, ешқашан да өлмейтін.
Сұлулығы əрбір гүлдің бөлек-бөлек бірақ та,
Осы гүлдер көз тартады тұрса да өсіп жырақта.
Дала сəнсіз болар еді осы гүлдер болмаса,
Айхай, шіркін, лала гүлдер ешқашан да солмаса!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter