file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  174


Автор: Рза Қунақова

ШЫҢДАР

Шыңдар бар ғой биік, тапал, аласа,
Көз талады кей шыңдарға қараса.
Кейбір шыңдар заңғар көкпен тілдесіп,
Бір-бірінен биіктейді таласа.
Шыңдар, шыңдар жетсем дейді Айға да,
Шыңға шықсаң,
көрінеді айнала.
Шыңдар жатқан бір тəкаппар алып қой,
Шыңдар сырын дос-жарандар танып қой.
Шыңдар, шыңдар,
асқар шыңдар тым асқақ,
Қысы, жазы жатады ол мұз жастап.
Тек қырандар тілдеседі шыңдармен
Нелер биік тауларыңды шет тастап.
Шыңдар, шыңдар биіксіңдер армандай,
Сендей биік, сендей таза ар қандай.
Шыңдар биік бір-біріне қол созып,
Өмір сүрген жаны жайсаң жандардай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу