file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  126


Автор: Рза Қунақова

ҚАРА ТЕҢІЗДЕГІ ОЙ

Естуші едім бұрын ылғи сыртыңнан,
Келдім, міне, сайраңдауға бүгін мен.
Ғашықтардың жүрегіндей сыр тұнған,
Толқыныңды армандаушы ем жүгірген.
Толқыныңмен құшақтасып алыстым,
Аққудайын айдыныңда асықпай.
Сағымыңның төбесінде жарыстым,
Бірін-бірі қуып жүрген ғашықтай.
Қиқу салса үстінде ақ шағала,
Қарайсың сен көтеріп ап басыңды.
Жүзе алмайтын пенделер тек жағаңда,
Іңірге кеп тұлғаларын жасырды.
Қара теңіз толқынына тамсанып,
Жүзе алмасаң, бауырым, бұл қиындау.
Қөз ұшында айғайымен жар салып,
Бір пароход келе жатыр қиырдан.
Қара теңіз, неге бұлай аталдың?
Қара емес, суың сенің көкпеңбек.
Қалай шыдап тебіренбей жата алдың,
Ақын келді көкірегін от кернеп.
Мен де саған қарыздар боп барамын,
Кейін, сірə, сан қайтарам есесін.
Ақтамаса сеніміңді қаламын,
Қағып жібер шабыт тола кесесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу